Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Алматы облысында шетелдік әйел нәрестесін сатып жібермек болған

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 22 қарашада Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Stop Traffic профилактикалық іс-шарасы барысында Қарасай ауданында көрші республиканың 24 жастағы тумасын ұстаған.

Алматы облысында шетелдік әйел нәрестесін сатып жібермек болған
фото: thesun.ie

Әйелдің жүктілігі 7 айлық кезінде құрсақтағы баласын сату туралы хабарландыруды әлеуметтік желіге жариялағаны анықталды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі бойынша Қарасай аудандық әкімдігінде тіркелді. Қазір күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деді облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Ұсталған азамат заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.