Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Зейнеткерді тепкілеп, көлікті қиратқан»: ШҚО-да сот төрағасы бұзақылық жасады деп айыпталды

Шығыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы бұзақылық жасады деп күдікке ілінді, деп хабарлайды paryz.kz. 

«Зейнеткерді тепкілеп, көлікті қиратқан»: ШҚО-да сот төрағасы бұзақылық жасады деп айыпталды
Фото: gov.kz

Бұл мәліметті облыс прокуратурасы растады. Тергеу мәліметтері бойынша Ерболатов әйелді тепкілеп, көлікті қиратқан.

15 қарашада таңғы бес жарымда полицейлер күдіктіні ұстады. Прокуратура судьяға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы екінші бөлігінің екінші тармағы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 550-бабымен Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ернар Ерболатовқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берілді. Қазір ШҚО полиция департаментінің тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деді ШҚО прокуроры Аймат Байшолақов.