Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Әйелге қол көтеру біздің қоғамда әр кезде болды - психолог

Қазақстандық психолог Серікгүл Сари «Оян» бағдарламасында қоғамда белең алған тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары туралы пікір білдірді. Маманның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту мәселенің түбегейлі шешілуіне көмектеспейді.

Әйелге қол көтеру біздің қоғамда әр кезде болды - психолог
Фото: видеодан скриншот

Бұл шара ер кісілердің белгілі бір пайызы үшін ескерту ретінде әсер ететін шығар. Бірақ мәселенің шешілуі заңның, жазаның  күшеюіне байланысты емес. Себебі бұл адамдардың ішкі дүниесіндегі бір қалаулары. Оны адамдар өздері түсінбейді. Зорлық-зомбылық әуел баста өзара түсініспеушіліктен басталады. Кейбіреулер бұл дұрыс емес екенін түсініп, арнайы мамандарға жүгіну арқылы ортадағы мәселені шешуге шынайы кіріседі. Ал, керісінше, зорлық-зомбылықтың әрі қарай жалғасуына жол берілсе, бұл сол адамның бейсаналы ішкі сұранысы. Әдетте отбасында зорлық-зомбылықты көріп өскен қыздар, өсе келе бұл жағдайға төзімділік танытады. Олар үшін бұл қалыпты жағдай. 

Психологтың айтуынша, әйелге қол көтеру жағдайлары бұрын да болған:

- Бұрын қазақта әйелге қол көтеру болмаған дегенмен келіспеймін. Әйелге қол көтеру біздің қоғамда әр кезде болды. Оны біз, әрине, айтқымыз келмейді, - деп бөлісті ол.