Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Халықаралық іздеу жарияланған Бейбіт Шүменовке қатысты тергеу тоқтап тұр

Ішкі істер министрлігі Бейбіт Шүменовтің әлі іздеуде екенін мәлімдеді. Сондай-ақ күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу мерзімі ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы, 7-тармағы, 3-тармақшасы негізінде тоқтап тұр, деп хабарлайды paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Халықаралық іздеу жарияланған Бейбіт Шүменовке қатысты тергеу тоқтап тұр
фото: әлеуметтік желіден

«Аталған факті негізінде биыл шілде айында Астана қаласы Есіл ауданы полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Шілде айының 12 күні аталған адамды күдікті деп танып, оның іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлім, 2-тармақшасы бойынша бағалау жөнінде арнайы қаулы шығарылды», - делінген Kazinform агенттігінің ресми сауалына берілген жауапта.

Кейін Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні қамауға алу шарасын санкциялады.

Шілде айының соңында күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.

«28 тамызда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу мерзімі ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы, 7-тармағы, 3-тармақшасы негізінде тоқтатылды», - дейді министрліктен.

Одан бөлек, ІІМ баспасөз қызметінің қызметкері: «Бейбіт Шүменовті іздеу тоқтатылған жоқ, оны ұстағанға дейін іс жүргізу тоқтап тұр», - деп толықтырды.