Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алдағы күндері -16 градус суық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-20 қараша арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алдағы күндері -16 градус суық болады
Фото: Baq.kz

Алдағы күндері белсенді Солтүстік циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынды болады. 

18 қарашада Солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада еліміздің шығысында қатты жауын-шашын күтіледі (қарға ауысатын жаңбыр), 19-20 қарашада еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. 

Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік - батысында, солтүстігінде көктайғақ құбылыстары, бұрқасын болады. 

Кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон жотасына байланысты суық ауа массаларының енуі күтілуде, бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі. 

Солтүстік-батыста түнгі уақытта 3-13 аязға дейін, күндіз 7 аяз-5 жылы дейін, солтүстікте, орталықта, шығысында түнде 8-16 аязға дейін, күндіз 2-10 аязға дейін төмендейді.

Температураның төмендеуі оңтүстік аймақтарға да әсер етеді, мұнда түнгі уақытта 3 аязға дейін-7 жылу, күндіз 5-15 жылы, оңтүстік-шығыста түнде 6 аязға дейін-6 жылы, күндіз 5 аязға дейін-13 жылы төмендейді. 

Республика бойынша 15-29 м/с дейін желдің күшеюі және тұман күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстік аймақтарда екпіні 30 м/с және одан да жоғары жел күтіледі.