Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды. Мүйіздерді облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаментінің қызметкерлері тәркіледі, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды
фото: ПД

Ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды. Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.

- Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 млрд теңгені құрады, - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.