Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Сирияда террористік топта болған Қазақстан азаматы Болгарияда ұсталып, елге әкелінді

Террористік топтың мүшесі Болгариядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Сирияда террористік топта болған Қазақстан азаматы Болгарияда ұсталып, елге әкелінді
Фото: видеодан скриншот

Бүгін Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ІІМ Интерполының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің жәрдемімен Болгариядан Қазақстан  азаматын экстрадициялады.

Ол террористік топтың жұмысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ол радикалды діни ағымның қолдаушысы бола тұра 2015 жылы Сирия Араб Республикасының аумағына барып террористік топтың құрамына кірген.

Осыған байланысты оған қатысты тергеу басталып, халықаралық іздеу жарияланды.

Мамыр айында күдікті Болгария аумағында ұсталған.