Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Пара ретінде үй алған»: Астана отын-энергетика кешені басшысының қалай ұсталғаны айтылды

Астана қаласы Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығы пара ретінде қала сыртынан үй алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Пара ретінде үй алған»: Астана отын-энергетика кешені басшысының қалай ұсталғаны айтылды
Коллаж: Azattyq Ruhy

«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетін тоқтатты. Ол мекеме басшысынан қала сыртындағы саяжай түрінде ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Пара Астанадағы кәріз құрылысын салу жөніндегі жеткізушіні анықтау кезінде жеке ұйымның мүддесін алға тартқаны үшін берілген», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды және басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.