Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 125 тоннадан астам өнім әкелінді

Алматы қаласының төрт ауданында 10 дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Аталған жәрмеңкеге Алматы облысының жақын маңдағы, оның ішінде Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысып жатыр, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 125 тоннадан астам өнім әкелінді
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жәрмеңкелерде 50-ден астам өнім түрлері ұсынылады, оның ішінде ет-сүт, жеміс-көкөніс, сүт, шұжық, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б. Жалпы өнім көлемі – 125 тоннадан астам.

Өнімнің жалпы көлемі 125 тонна, оның ішінде: ет – 40 тонна, жеміс-көкөніс – 30 тонна, сүт – 20 тонна, балық – 10 тонна, басқалары – 25 тонна.

Қала тұрғындары мен қонақтары күннің суығына қарамастан қажетті азық-түлік қорын сатып алуда. Әсіресе, сиыр еті мен сүт өнімдері, балық пен көкөніс кең сұранысқа ие. Ал тауар құны нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан.

– Бүгін күн суық болса да өз өнімдерімізді әкелдік. Тұрғындар біртіндеп жиналып жатыр. Кешкі уақытта дейін тауарларымызды сатып, ертең таңертең тағы да шығамыз. Бір байқағаным, балық өнімдерінің бағасы арзан болғандықтан тез өтіп кетеді, – дейді Ардақ есімді сатушы.

Бұдан бөлек, тауарлардың кең ассортименті ұсынылуда, соның ішінде: сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, ұн және т.б. өнімдер бар.

– Мен бүгін алма мен қияр, сиыр еті мен балық етін салып алудамын. Себебі, алманың құны 350 теңгеден басталады. Ал үйімнің жанындағы дүкеннен 550 теңгеден алып жүрмін. Сенбілік демалысымды пайдаланып, жәрмеңкеге келдім, – дейді Сымбат есімді қала тұрғыны.

Демалыс күндері жәрмеңкелер мына мекенжайларда өтіп жатқанын хабарлаймыз:

1. Гоголь - Масанчи көшесі (Алмалы ауданы);

2. Қазақфильм шағын ауданы (Бостандық ауданы);

3. Абай даңғылы, Өтеген батыр көшесінің қиылысы (Әуезов ауданы);

4. Меңдіқұлов көшесі, Бектұров көшесі, Шевченко көшесі, Қонаев көшесінің бұрышы (Медеу ауданы).

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері апта сайын сенбі және жексенбі күндері Алматы қаласында өтеді. 2023 жылдың басынан бері Алматы қаласында 420-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін демалыс күндері қосымша 90-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының төрт ауданында 10 дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Аталған жәрмеңкеге Алматы облысының жақын маңдағы, оның ішінде Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысып жатыр.