Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Жын кіріп кетті»: Арыстағы педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды

Түркістан облыстық соты педофилге үкім шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Жын кіріп кетті»: Арыстағы педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Оtyrar.kz жазуынша, биыл мамыр айында 5 жасар қызға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған 22 жастағы жігітке сот үкім шығарды. Ол кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

«30 қазанда сот үкімімен сотталушы «Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған жазасын 20 жылға қауіпсіздігі орташа түзеу колониясында өтеуге үкім етті. Сондай-ақ оған өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.

Еске салайық, жаға ұстатарлық оқиға жарты жыл бұрын Арыс ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, зорлықшыл көрші қылмысты күндіз жасаған. Ол Кшкентай қыздың әкесі аулада көлігін жөндеп, қызын үйіне жіберген. Алайда үйдің кіреберісінде оны педофил ұстап алған. Бала әрең дегенде ер адамның қолынан сытылып сыртқа шығып, болған жағдайды әкесіне айтып берген. Жергілікті тұрғындар полицияны күтпей, педофилді соққыға жығады. Олар оны тәртіп сақшылары келгенше ұстап тұрған.

Сотталушы кінәсін мойындап, сол күні ішіне жын кіріп кеткенін айтқан. Оның бойын билеген «жынның күші» судьяның шешіміне әсер ете алған жоқ. Педофил енді бостандыққа 42 жасында бір-ақ шықпақ. Қыз баланың туыстары сот үкіміне қарсылық білдірмеді.