Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Нәжіс пен кәріздің иісі шығады»: Екібастұздықтар ауыз судың сапасына шағымданды

Екібастұзда тұрғындар әлеуметтік желіде кран суының жағымсыз иісі мен дәміне шағымдануда, деп хабарлайды Paryz.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Нәжіс пен кәріздің иісі шығады»: Екібастұздықтар ауыз судың сапасына шағымданды
Фото: pixabay.com

Тұрғындар жергілікті парақша жарыса шағымдарын жазып, лас судан зиян шегуге қорқатындарын айтты.

"Өте сасық, құрамында фенол болуы мүмкін”, "Судан шіріген иіс шығады”, "Киімімді жусам бәрінен дәрі сияқты жаман иіс сіңіп қалған. Шыдау мүмкін емес", "Суда йодқа ұқсас иісі бар өте улы зат фенол бар екені анық”, "Бұл рас па, жоқ па, білмеймін, бірақ менің ойымша, біз қайтадан уланып жатырмыз, су ішу мүмкін емес: бүкіл қала зардап шегуде", "Судан нәжіс пен кәріздің иісі шығады", – деді жұртшылық.

Қалалық су шаруашылығы мекемесі жағдайға қатысты түсініктеме беіп, судың жақсы екенін жеткізді. 

Әлеуметтік желіде Екібастұздағы ауыз судың сапасыздығы туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ауыз судың сапасын кәсіпорынның аккредиттелген химиялық зертханасы сағат сайын бақылайды. Судың сапа көрсеткіштері санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Сонымен бірге, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабында жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгенін ескертеміз, - делінген хабарламада.