Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Павлодар облысының шаруалары дабыл қақты

Ал жергілікті билік мәселені шешуге қаражат қолбайлау екенін айтып ақталды.

Павлодар облысының шаруалары дабыл қақты
фото: видеодан скриншот

Өткелдің жоқтығынан тұрғындар өзеннің ар жағындағы шөпті әкелуге бастарын қатерге тігуге мәжбүр. Өйткені, малмен жан сақтап отырған ағайынның жем-шөбі таусылған, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Жазда шапқан шөптерін қыста тасып күнелткен Баскөл тұрғындары әкімдер өзенге өткел салып берсе екен дейді. Мәселе өткен ғасырдан бері айтылса да, әзірге оған өңірде құлақ асар жан табылмапты.

Май ауданына қарасты Баскөл ауылында 20-ға тарта шаруа қожалығы бар. Тұрғындардың басым көбі ата кәсіпті нәсіп еткен. Ауылда жалпы саны 15 мыңдай төрт түлік бар. Оның барлығына жем-шөп дайындауға жер жетпейді. Сондықтан шаруалар Ертіс өзенінің ар жағынан шабындық жер алған. Енді өзеннен шөп тасуға өткел жоқ.

"Мал шаруашылығының азығын дайындау үшін біз осы Ақсу өткелі арқылы ар жаққа өтеміз. Ең бірінші қиындық осы. Бұл енді өткен ғасырдан бері айтылып келе жатқан мәселе. Бірақ істелген жоқ. Ең бірінші туындайтын қиындық - шөпті шығару.  Шөпті шабу. Өткел деген мәселе біздегі қиындық", - дейді шаруа қожалығының басшысы Амангелді Кенжеғарин.

"Жаздың кездері паронмен ол вообще қиын. Оны айналдыру керек бәлен сағат. Қаншама очередь тұрады. Түгелі шөптерін таси алмайды. Парон түгел шіріп кетті уже, түсіп кетеді", - дейді тракторшы Асқар Айтмұқашұлы.

Жазда қайықпен өтіп шөп шапқан ағайын, қыс түссе мұз үстімен қатынайды. Алайда, ауыр техникамен өту қауіпті деп отыр. Десе де, малмен күн көріп отырған баскөлдіктерге бұдан басқа тәуекел болмай тұр.

"Мезгілсіз уақытта түссек, мұз опырылып кетеді. Мұз опырылған күніміз болды. Үлкен ағаларымыз кезінде суға кеткен. Онан кейін де болды. Су тасып жатып, паронмен суға кеткендер де болды", - деді Баскөл ауылының тұрғыны Амангелді Құсайынов.

Ал жергілікті билік мәселені шешуге қаражат қолбайлау екенін айтып ақталды. Бұған бюджеттен арнайы бөлінбегендіктен, мәселені тек мемлекеттік жеке меншік серіктестік арқылы ғана шешуге болатынын айтты.

"Біз оның қазір жолдарын қарастырып жатырмыз. Бірақ ол оңай нәрсе емес. Ол жерде жаңағы инструментті табу керек. Инструмент бүгінше ГЧП-ны айтқанбыз. ГЧП-мен егер частный партнерлардың біреуі шықса, мысалы, үлкен деген бір шаруа қожалық мен кірем деп, қалғандары оған қосылып, онда біз Үкімет тарапынан ертең-ақ кірісуге дайынбыз", - деді Май ауданының әкімі Марат Ақтаев.

Аудан әкімі өткел салуға инвестор іздеп жатқанын жеткізді. Бірақ инвестордың қашан табылатынын өздері де білмейді. Сондықтан баскөлдіктерге өзенді қайықпен, ал қыста бастарын қауіпке тігіп, мұз үстімен жүруден басқа амал қалмай тұр.