Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Сирияда террористік топтың құрамында болған Қазақстан азаматы Түркиядан Қазақстанға жеткізілді

10 қарашада ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Сирияда террористік топтың құрамында болған Қазақстан азаматы Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі.

Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды.

Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр.

Ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.