Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Сұмдық жағдай». Бишімбаевтың бұрынғы әйелі болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Ұсталған Қуандық Бишімбаеваның бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Сұмдық жағдай». Бишімбаевтың бұрынғы әйелі болған оқиғаға қатысты пікір білдірді
Фото: Назым Бишімбаева. ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Tengrinews.kz тілшісі экс-министрдің бұрынғы әйелі Назыммен хабарласты. Ол бірнеше жыл бұрын Қуандық Бишімбаевпен ресми түрде ажырасқанын растады. Оның айтуынша, кешегі оқиғаға байланысты оған көп адам қоңырау шалған. 

"Иә, бұл - сұмдық жағдай. Маған біреулер хабарласып жатқанда, не болып жатқанын мүлде түсінбедім... Шок", - деді Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Назымның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл бойы ресми некеде болған. Ерлі-зайыпты 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққанына бір жыл өткеннен кейін ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

"Біз 2020 жылғы 5 қазаннан бастап ресми түрде ажырасқанбыз, бірге тұрмаймыз. Біз сирек араласатынбыз, онда да тек балалар мәселесі бойынша. Балаларға көмектесіп, араластын, бірақ кейінгі кезде сиреп кетті. Бұл - қайғылы жағдай, Салтанаттың отбасына көңіл айтамын", - деді Қуандықтың бұрынғы әйелі Назым.