Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша энергетикалық қадағалау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Компанияға тиесілі Теміртаудағы №2 жылу электр орталығына жылу маусымына дайындық паспорты берілмеген. Кәсіпорын №4, 5 қазандықтарды күрделі және орташа жөндеу кестесін өткізіп алған. Сондай-ақ 16 жыл бұрынғы ақауы бар қондырғылар жаңартылмаған. №5 қазандықта 12 коллектор ауыстырылмаған,- делінген хабарламада.