Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жамбыл облысында спорт мектебінің басшылары 16 млн теңге жымқырған

Меркі ауданы прокуратурасы Меркі ауданы №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің лауазымды адамдары қызметтік жағдайын пайдаланып, басқа да тұлғалардың көмектесуімен аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Жамбыл облысында спорт мектебінің басшылары 16 млн теңге жымқырған
Фото: azattyg. ruhy

Жамбыл облысының прокуратурасынан хабарлағандай, мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық әрекеттері жастар арасында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау заңдылығын тексеру нәтижесінде әшкереленді.

«Шенеуніктер бюджет қаржысын жеткізілмеген тауарлар мен көрсетілмеген қызметтер үшін аудару арқылы жымқырғаны анықталды. Яғни, 29.02.2020 жылы №16 Спорт мектебі макеттер жасау және металл құрылғыларын дайындау үшін жалпы құны 2 млн теңгеден асатын соманы жеткізушіге төлеген, алайда соңғы аталған жұмыстарды мүлдем орындамай, бюджет қаражатын №16 Спорт мектебінің лауазымды тұлғаларының өтініштері бойынша қолма-қол ақшаға айландырған және өзінің қызметі үшін жалпы сомадан 10% алып отырған», - деді ведомство өкілдері.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 16 млн теңгеден астам соманы құрады.

10.10.2022 жылы бұл фактіні Меркі ауданы прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен СДТТБТ-не тіркеп, облыс прокуратураның Сотқа дейінгі тергеу басқармасы тергеді.

Тергеп-тексеру нәтижесінде 7 адамға қатысты қылмыстық іс сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.

«Меркі аудандық сотының үкімімен №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры мен бұрынғы директоры бас есепші мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға және 4 көмектесуші мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық іс бойынша 6,7 млн теңге келтірілген шығын өтелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.