Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Теміртауда 2 жасар сәбиін өлтірген әке өмір бойына сотталды

Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі соты Теміртау қаласында өз ұлын өлтірген ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Теміртауда 2 жасар сәбиін өлтірген әке өмір бойына сотталды
Коллаж: Azattyq Ruhy

«Патриот» Телеграм-арнасының жазуынша, сот үкімі жария болды.

«Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды, ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтесін», - делінген сот ұкімінде.

Екі жасар баланың жүрегіндегі пышақ жарақатынан бөлек, қолы да сынғаны анықталды.