Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде енді несие алу қиындайды

Қазақстанда несие беру тәртібі қатаңдатылады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. 

Елімізде енді несие алу қиындайды
Фото: Pixabay

Бұл елімізде несие көлемін азайту үшін жасалып отырған қадам. Ұлттық банк ол үшін заңға қандай өзгерістер әзірленіп жатқанын хабарлады. Ең алдымен несие алушының табысына қатысты талап күшейтілмек.

Яғни, банктер қазіргідей берешекті оңды-солды бере бермейді. Клиенттің ресми табысын ескеріп беруге міндеттелмек. Бұл адамдарға артық қарыз беруді шектейді дейді мамандар. Сондай-ақ, сарбаздарға несие беруге тыйым салынбақ.

Әрі банктер мен микроқаржылық ұйымдар бұдан былай қарызды өндіру бойынша коллекторлық компанияларға жүгіне алмауы мүмкін.