Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Қазпоштаның» өңірлік филиалдарының бірінде 200 млн теңге жымқырылған

«Қазпошта» АҚ ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп, компанияның өңірлік филиалдарының бірінен ірі заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Қазпоштаның» өңірлік филиалдарының бірінде 200 млн теңге жымқырылған
фото: post.kz

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, қызметкерлер 2019-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 200 млн теңгеден астам қаржыны құрайтын қаржылай заңбұзушылыққа жол берген.

Тексеру материалдары процессуалды шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ залал келтірілген соманы өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

«Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды», - делінген хабарламада.

Аталған баптың санкциясы негізінде күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.