Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Өз нәжісімізге батып кетеміз»: Атырауда кәріз суы көшелерге ағып кетті (ВИДЕО)

Атыраудағы Нұрсая шағын ауданының тұрғындары кәріз суына тұншығып отыр, деп хабарлайды paryz.kz. 

«Өз нәжісімізге батып кетеміз»: Атырауда кәріз суы көшелерге ағып кетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

AtyrauPress сайтының жазуынша, атыраулық тұрғындар кәріз суына малшынып отыр. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ведомстволар «Жерұйық» ТҮК-нің инфрақұрылымын жөндеумен айналыспайды. Салдарынан, тұрғындар кәріз суының жағымсыз иісін иіскеуге мәжбүр. 

Қазірбалалар демалыста. Көбісі үйден шықпайды. Олардың ойнайтын жері жоқ, ойын алаңдары көлдария боп жатыр. Иіске шыдау мүмкін емес. Апат кезінде жылу, ыстық және суық су өшірілді. ПИК жұмыс істемейді. Олар ақша жинау керек болғанда ғана келеді, – деді Күншуақ тұрғындары.

Күншуақ өткеліндегі үйлер бес жыл бұрын пайдалануға берілген. Алайда тұрғындардың айтуынша, кәріз құбыры ай сайын бұзылады екен.

Мұндай масқара жыл сайын болады. Әр жолы жауапты адамдар әртүрлі себептерді атайды. Біз кәріз құбыры бұзылған кезде күні бойы сусыз отырдық. Бұл жағдай ай сайын қайталанады. Әр төтенше жағдай сайын олар бізге сорғыны өзгертетінін айтады. Алайда ескісін ауыстырмайды. Сонымен қатар тұрғындардың өздерін кінәлайды, жаңа сорғы алсын дейді. Әйтпесе, өз нәжісімізге батып кетеміз, – деді атыраулық Тұрсынай Бекайдар.

Қала әкімдігі Нұрсая шағын ауданында кәріз жүйесі істен шығып, апатты жағдай туындағанын хабарлады.

Кәріз ұңғымасы толып, бәрі ағып кетті. Сорғы істен шықты және су орталық кәріз жүйесіне жете алмады. Осы үйлерге қызмет көрсететін «Сапа» ПИК апаттан кейінгі жұмыстарды жүргізді. Аққан су вакууммен сорылды. Сондай-ақ «Спецавтобаза» ЖШС қосымша техникасы бөлінді, – деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.