Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Костенко шахтасындағы кеншілердің қазасын зор күйзеліспен қабылдады.
Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаны зор күйзеліспен қабылдаған еліміздің тұңғыш президентінің тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына 50 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлді, - делінген хабарламада.