Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Павлодарда 5 жасар ұлдың жыныс мүшесін кесіп алған дәрігер сөгіспен құтылды

Павлодар қаласында дәрігердің салғырттығынан 5 жасар баланың жыныс мүшесінің үштен бірі кесіліп, зәр шығару жолдары зақымданған. Енді оның ата-анасы құзырлы органдардан қателікке жол берген хирургті жазалауды талап етіп отыр.

Павлодарда 5 жасар ұлдың жыныс мүшесін кесіп алған дәрігер сөгіспен құтылды
фото: otyrar.kz

Айта кетейік, баланы 13 жылдық тәжірибесі бар дәрігер сүндеттеген. Оның «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты бар.

Оқиғадан кейін хирургке қатысты қызметтік тергеу басталды. Ол отадан шеттетілді. Бүгінде дәрігер ол ауруханада жұмыс істемейді, өз еркімен жұмыстан кеткен.

Баланы сүндетке отырғызу кезінде қателік жібергені үшін хирург 2 ай мерзімге қатаң сөгіс және хирургиялық операциядан шеттету түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Артынша дәрігермен еңбек шарты өз өтініші бойынша бұзылды, - деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, павлодарлық емхананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Астанадағы «Ана мен бала» орталығы урология бөлімінің меңгерушісімен және баланы емдеуші дәрігермен үнемі байланыста болған. Қазір бала Астанадағы «Ана мен бала» орталығының урология бөлімінен шығарылды.

Баланың жағдайы тұрақты. Жарасы негізгінен жазылды, катетер алынды, зәр шығару жолдарының қызметі реттелді, - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасы.