Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Костенко» шахтасындағы тау-кен құтқару қызметкерлері басшылықтан қысым көріп жатқандарын мәлімдеді

Қарағандыда «Костенко» шахтасындағы жарылыстан кейін апатты жоюға қатысқан тау-кен құтқарушылары өздеріне басшылық қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ кейбірін қызмет барысындағы мәселелер мен шахтада көргендерін айтқан соң жұмыстан шығарғанын хабарлады, деп жазды Paryz.kz ztb.kz-ке сілтеме жасап.

«Костенко» шахтасындағы тау-кен құтқару қызметкерлері басшылықтан қысым көріп жатқандарын мәлімдеді
Фото: видеодан скриншот

Жұмыстан шеттетілген тау-кен құтқарушыларының айтуынша, қызмет басшылығы болған жағдайды айтып, әлеуметтік желіге салғаннан кейін кейін түсініктеме жаздырған.

Оқиға орнына келген кәсіподақ жетекшісі де оны тау-кен құтқару қызметі филиалының аумағына кіргізбей қойғанын мәлімдеді. Айтуларынша, полиция қызметкерлері келіп, Осыдан кейін Алексей Головчицті Қарағанды қаласының Михайловск полиция бөліміне баруды сұрап, сонда түсініктеме жазып берген.

Құтқарушылар осы жайдың бәрін бейнеүндеуінде айтып берген.

Кеше сұхбат беріп, жағдайды жұртқа жайып салғанымыз үшін арамызда кадрға түсіп қалғандарымызды жұмыстан шеттетіп жатыр. Біздің ұжымымызға көмектесуді сұраймыз. Осы жағдайды, яғни басшылық тарапынан не болып жатқанын жұртшылық білгенін қалаймыз. Қазір қысым көрсетіп жатыр, дейді құтқарушылардың бірі.

Олардың айтуынша, қазір дені дұрыс басшылық қалмаған, әбден «шіріп» біткен. Мәселен, взвод командирі 10-15 жыл еңбек өтілі бар құтқарушылардың үстінен арыз жазған.

Ал шахтаның бас инженері сонда келген өкілдерді ішке жібермейді. Ғимараттың ішінде жүрген құтқарушыларға келген көміршілердің өкілін де кіргізбей қойған. Құтқарушылар енді кез келген әрекеті үшін түсініктеме жазатын болған.

Оның үстіне, құтқарушыларға адам жетіспей жатқанда басшылықтың теріс қылық жасайтынын да айтады.

Бізде адам жетіспейді. «Қазақстан» шахтасында апат болғанда бір бөлімді шатыр жөндеуге әкетті. Жігіттер өздерін төменге жіберуді өтінген. Бірақ шатыр шахтадағы жағдайдан маңыздырақ болғандай, оларды жібермей қойды. Тағы бір бөлімді шағым жасағаны үшін оларды жарамсыз деп Шұбаркөлге жіберді. Жап-жас, физикасы мықты, қиын жұмыс істей алатын жігіттер еді. Олардың орнына жасы үлкендерді жіберсе болар еді, дейді құтқарушылардың тағы бірі.