Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

24 жастағы жігіт танысын өлтіріп, денесін даладағы дәретханаға көміп кеткен

Ақмола облысында 24 жастағы жігіт танысын өлтіріп, денесін даладағы дәретханаға көміп кеткен. Сұмдық оқиға өткен жылдың қазан айында болған, деп хабарлады Paryz.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

24 жастағы жігіт танысын өлтіріп, денесін даладағы дәретханаға көміп кеткен
фото: Астана тв

Қазір ұрлық және бопсалау бойынша орташа режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан сотталушы бір жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады. Айтуынша, ол 39 жастағы танысымен бірге ішімдік ішкен. Артынша жанжал шығып, қарсыласын бірнеше рет ұрып құлатқан. Қылмысын жасыру үшін денесін даладағы дәретханаға лақтырып жіберген. Бір қызығы ол бұл қылмысын түрмеге түспей тұрып жасаған. Сотталушы көлік ұрлап, адамдарды бопсалағаны үшін 1 жыл 10 айға сотталған. Қыркүйек айынан бастап, Павлодар қаласындағы 45-түрмеде жазасын өтеген.

«Ақмола облысының тұрғыны 1 жылдан бері хабар ошарсыз кетіп, оған іздеу жарияланған болатын. Бірақ, жоғалған адамды ең соңғы рет көрген осы сотталушы болып шықты. 2 айға жуық уақыт тергеу жүргізген жедел уәкілдер оның адам өлтіргенін анықтады. Сотталушыдан жауап алу кезінде ол кісі өлтіргенін мойындады. Қылмыстық істі қарау және шешім қабылдау үшін сотталаушы Ақмола облысына жіберілді», - облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жедел уәкілі Азамат Тортаев.

Сотталушы айтқан мекен-жайға барған полицейлер 1 жылдан бері жоғалып кеткен 39 жастағы азаматтың мәйітін тапты. Марқұмның дәретханадағы мүрдесін ешкім байқамаған. Сол қалпы көмулі жатыпты. Сотталушы қылмысты жасаған кезде мас болғанын және өкінетін жеткізген. Ал бұрынғы қылмысы бойынша әлі өтелмеген 1 жыл 8 ай уақыт жазасы қалған, енді сотталушы бұл жазасын жаңа қылмысымен қосып өтейтін болады.