Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақ мектептерінде орыс тілін оқу неге міндеттеледі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында өткен брифингте мектептерде өткізілетін орыс тіліне қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Қазақ мектептерінде орыс тілін оқу неге міндеттеледі
фото: Арман Мухатов

Қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту неге міндеттеледі? – деген сұрақ қойылды ОКҚ-да министрге.

Қазақ немесе басқа мектептерде дәл қазіргі күні сабақтар бекітілген мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары негізінде жүргізіледі. Яғни оқу процесін мектеп басшылығы қабылданған нормативтік-құқықтық актілер негізінде ұйымдастырады. Қосымша тілдерді оқыту қашанда болған. Бұл тек ағылшын тілі ғана емес, сонымен бірге француз тілі және басқа да тілдер. Ал егер мектепті нақты біл тіл мұғалімі болса, онда сол тілді оқытып, дамытуға болады. Бұл енді басқа сұрақ, - деді Бейсембаев.

Ведомство басшысы оқушылардың таңдауы бойынша факультатив түрінде басқа тілдер оқытылатынын айтты.

Жалпы факультатив сабақтарда басқа да тілдер үйретіледі. Мектеп және оқушылар қытай немесе француз тілдерін үйренгісі келсе, бірақ тиісті мұғалім болмаса, оқушылардың қалауын жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін маман іздеу керек. Ал жағдай бар жерде мектеп пен оқушылардың таңдауы бойынша факультатив түрінде басқа тілдер оқытылады, - деді ол.

Оқу-ағарту министрі орыс тілі стандартта бекітілгенін атап өтті. Оқушылар орыс тілін стандарт бойынша оқуға тиісті.