Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«ӨКМ операторының» бұрынғы басшысы 920 млн теңге қаржыны қайтарды

Астана соты «ӨКМ операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарованың ісін қарап жатыр. Сот отырысында оның 920 миллион теңгені қайтарғаны белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«ӨКМ операторының» бұрынғы басшысы 920 млн теңге қаржыны қайтарды
фото: h

Шынар Мұқтарова адвокаттары оған тағылған 920 миллион 534 мың теңге шығынның барлығы өтелгенін хабарлады. Қорғаушылар процессуалдық келісім жасауды сұрағанымен, прокурор келісімге келуден бас тартты.

«Бастапқыда бізге келтірілген шығынды өтеу керек деп жарияланды. Біз бұл шығынды тек Мұқтарованың мүддесі үшін ғана емес, сонымен бірге бұрынғы бас директор С. Коротенконың аталған эпизодтағы қарызын да өтедік. Яғни, залалды Мұқтарованың қызы өтеп берді. Ал келтірілген залалдың өтелуіне байланысты біз тағы да мәміле жасасуға өтініш беріп жатырмыз», — деді Мұқтарованың адвокаты.

Заңгерлердің айтуынша, Мұқтарова бұл ақшаны дивиденд ретінде алған және оның заңды екеніне сенімді болған.

Келесі сот отырысы 6 қарашаға белгіленді. 

Еске салайық, өткен жылдың маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ӨКМ операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтароваға халықаралық іздеу жариялаған болатын. Бұған дейін ведомство 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, қайта өңдеу төлемінен 920 млн теңге көлемінде дивиденд түрінде заңсыз төленген қаржыны рәсімдегенін хабарлаған.