Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақстанда күн күрт суытады

Түркістан облысында қалың қар жауады деп күтілуде...

Қазақстанда күн күрт суытады
фото: unsplash.com

22 қаңтарда Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлады paryz.kz, "Қазгидромет" мекемесіне сілтеме жасап. 

"Түнде 0-5-ке дейін, кей жерде 8 градус, солтүстік аймақтарда 13-18 градус аяз болады. Күндіз 0-5-ке дейін, кей жерде 8 градус, солтүстік облыстарда 12 градус аяз болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Түркістан облысында қалың қар жауады деп күтілуде. Кей жерде бұрқасын, тұман, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Күндіз таулы аудандарда жел жылдамдығы 30 м/с болады.

Шымкентте таңертең және күндіз қалың қар жауады деп күтілуде. Түстен кейін ауа температурасы 3-5 градус аязға дейін күрт төмендейді. Боран соғады.

Ақмола облысында кей жерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел күшейеді.

Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 15-20 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 3-8 градус, кей жерде 11 градус аязға дейін төмендейді. Тұман түсіп, бұрқасын болады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Талдықорғанда көктайғақ күтіледі. Күндіз батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Дауылды ескертудің ытималдығы - 95-100%.