Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Макрон қазақ мектептерінде француз тілін оқыту туралы өтініш білдірді

Франция президенті Эмманюэль Макрон қазақ мектептерінде француз тілін оқытуды ұсынды. Бұл туралы ол Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кеңейтілген кездесуде айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Макрон қазақ мектептерінде француз тілін оқыту туралы өтініш білдірді
Фото: sputniknews.kz

"Бізге француз тілін оқыту қазақ мектептеріне қайта оралғаны өте маңызды. Біз қазіргі жағдайды өзгертуге бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Мен біздің білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге зор үміт артамын", - деді Макрон кеңейтілген кездесуде.

Франция президенті 2024 жылғы қыркүйектен бастап француз-қазақ университеті жұмыс істейтінін атап өтті.

"Студенттер арасындағы байланыстың дамығаны, студенттерімізге арналған стипендиялардың болғаны өте маңызды. Сондай-ақ мен сіздің Парижде сіздің еліңіздің мәдени мұрасына арналған көрмені өткізу туралы бастамаңызды қолдаймын. Гиме музейінің төрағасы бүгін менімен бірге келді, қазір біз келесі жылы өткізу мүмкіндігін талқылаймыз", - деді Макрон.

Бүгін, 1 қарашада Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. Макронның сапары бір күнге созылады.