Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Жүгір немесе өлесің»: ІІМ балалардың қауіпті ойынына қатысты пікір білдірді

ІІМ «Жүгір немесе өлесің» ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Жүгір немесе өлесің»: ІІМ балалардың қауіпті ойынына қатысты пікір білдірді
Фото: dv.kp.ru

Ведомство хабарлағандай, әлеуметтік желілерде «Жүгір немесе өлесің» сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы бейнежазбалар таратылуда.

«Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ. Жалпы биылғы 9 айында елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болып, онда 200-ден астам бала қаза тапты, 3 мыңға жуық бала жарақат алды», - деп атап өтті ІІМ өкілдері.

Қайғылы оқиғалар көбінесе балалар көлікте жолаушы немесе жаяу жүргінші болған кезде болған.

Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушы кішкентай балаларды осындай абайсыз әрекеттерден қорғауға және барлығын жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.