Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматыда «ИТП» АЭА аумағында жаңа бес кәсіпорын іске қосылады

Келесі жылы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында жалпы сомасы 12,2 млрд.теңге болатын инвестицияны тарта отырып, 311 жұмыс орны болатын бес жобаны іске қосу жоспарлануда, - деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда  «ИТП» АЭА аумағында жаңа бес кәсіпорын іске қосылады
Фото: Алматы әкімдігі баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, телекоммуникациялық жабдықтар өндіретін зауыт («Smart Alatau» ЖШС) 800 млн.теңгеге инвестицияланады, қуаттылығы жылына 1 млн. бірлік өнім шығарады және 120 жұмыс орны құрылады. Құны 1,7 млрд.теңге, қуаты жылына 500 мың бірлік, 45 жұмыс орны болатын иммунолюминесцентті тест-жүйелер («Kyzai» ЖШС) өндіретін қоймалары бар кешен.

Құны 1,5 млрд.теңге, қуаты жылына 50 мың бірлік, 40 жұмыс орны ашылатын медициналық техника өндіретін зауыт («МедПроФарм» ЖШС). Құны 1,5 млрд.теңге, қуаты жылына 50 мың бірлік, 50 жұмыс орны болатын медициналық жабдықтар шығаратын зауыт («Технопроект-А» ЖШС). Құны 1,3 млрд.теңге, қуаты жылына 100 мың бірлік, 45 жұмыс орны құрылатын құрал-саймандар, аппараттар мен жабдықтар шығаратын зауыт («Ordamed» ЖШС).

2025 жылы арнайы экономикалық аймақта жалпы құны 11,6 млрд теңге болатын және 417 жұмыс орны ашылатын картридждер, медициналық жабдықтар, медициналық және фармацевтикалық бұйымдар («А-Медикал» ЖШС, «Juldyz Kenan Co. LTD ЖШС», «Вива Фарм» ЖШС, «Doc Co. Ltd» ЖШС) шығаратын төрт жобаны іске қосу күтілуде.

Алматының арнайы экономикалық аймағына 50 млрд теңгеден астам инвестиция тартылғаны хабарланды. Алатау шағын ауданындағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылған сәттен бастап 6 727 жұмыс орнын құрылды, 50,69 млрд.теңге инвестиция тартылды, 34,7 млрд. Теңгенің салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер төленді, 493,7 млрд. теңгенің  өнімі өндіріліп, қызметтер көрсетілді, экспорт көлемі 7,46 млрд. теңгеге жетті.

Бүгінде «ИТП» АЭА резиденттері 160 компания, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы 105 компания («Kolesa Group», «Azimut Labs», «PayBox», «Личная Касса» және т.б.) қызметін «эксаумақтық» қағидаты бойынша жүзеге асырады, 55 компания («Kaspi Cloud», «Eltex Alatau», «Nero Lab», «Asaq», «Prima Group», «Almaty Enterprising Company» және т.б.) «ИТП» АЭА аумағында орналасқан.
2023 жылы «ИТП» АЭА-ға 15 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 1200 жұмыс орны ашылып, 39 компания жаңа қатысушы ретінде қабылданды, жобаларды іске асыру үшін ауданы 15 га 7 жер телімі бөлінді.

«ИТП» АЭА Алматы қаласының Медеу ауданында 163 га аумақта орналасқан. Мемлекет барлық инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның, сонымен қатар, бірінші кезектегі ғимараттардың, әкімшілік ғимараттың құрылысын жүзеге асырды. «ИТП» АЭА қатысушыларына салық және кедендік жүктемені төмендетуде түрлі артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі.

«ИТП» АЭА аумағындағы негізгі басым қызмет түрлері IT, телекоммуникация және байланыс, электроника, жаңартылатын энергия көздері, ресурстарды үнемдеу және табиғатты тиімді пайдалану, сонымен бірге, 2020 жылдан бастап фармацевтика және медициналық бұйымдар кірді.