Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шенеунік сыйлыққа алған Iphone 12 Pro телефонын мемлекетке өткізді

Ал шенеуніктер алған ең арзан сыйлық – 800 теңгеге бағаланған ақ түсті пластикалық гүлдер және "Dream" маркалы шоколады...

Шенеунік сыйлыққа алған Iphone 12 Pro телефонын мемлекетке өткізді
фото: inbusiness.kz

Еліміздегі заңға сәйкес мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар жұмысын атқару барысында немесе ресми шаралар кезінде алған сыйлықтарын мемлекетке өткізуге міндетті. Былтыр Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттеріне 245 сыйлық тапсырылған. Бұл сыйлықтың 18-і 159 937 теңгеге сатылды.

"Мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімінде бағалау құны 967 971 теңгені құрайтын 30 бірлік бекітілген, 12 бірлік жойылды", - деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылы тіркелген ең қымбат сыйлық – Iphone 12 Pro ұялы телефоны болған. Ол 617 991 теңгеге бағаланған. Ал шенеуніктер алған ең арзан сыйлық – 800 теңгеге бағаланған ақ түсті пластикалық гүлдер және "Dream" маркалы шоколады. Сыйлықтардың ішінде аукцион арқылы ең қымбатқа сатылғаны – "Tom Ford" Lost cherry EAU Parfum иіс суы. Ол 59 467 теңгеге (бағаланған құны – 118 934 теңге), яғни ең жоғары сомаға сатылған.

Еске сала кетсек, шенеуніктер қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты қабылдаған, көпшілік алдында немесе қолма-қол тапсырылған, сондай-ақ ресми іс-шаралар кезінде берілген сыйлықтарды алған күннен бастап, 7 күнтізбелік күн ішінде мемлекетке тапсыруға міндетті. Әйтпесе, сыйлықтың құнына, көлеміне қарамастан, жауапкершілікке тартылады.

Қымбат НҰРҒАЛИ