Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шахтадағы апат. 6 кеншінің жеке басы анықталмады – министр

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов “Костенко” шахтасының қазіргі ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Шахтадағы апат. 6 кеншінің жеке басы анықталмады – министр
фото: Үкімет

Қазігі таңда қайтыс болған 40 адамның жеке басы анықталды, 6-уы анықталмады. Оларды сәйкестендіру үшін қажетті тиісті сараптамалар жүргізіледі. ДНК талдауы қажет болуы мүмкін. Іздеу жұмыстары электр энергиясының болмауымен, тау-кен қазбаларының ұзындығымен, көптеген бұзылған механизнің болуымен қиындады, – деді Шәріпханов.

Сөзінше, үйінділерді тазалау мен қаза болғандардың денелерін табу қиынға соққан.

Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ, газдық жағдай қалыпты. Шахтаның қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізілуде. Аварияның себептерін тергеп-тексеру аясында Үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түстім. Біз өте маңызды бұзылуларды анықтадық. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен.
15-тен астам оқшаулағыш бөгеттер мен желдету құрлыстары қираған.  Қазіргі уақытта тағы 7 шағын комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр, – деді Төтенше жағдайлар министрі.