Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Бензин қымбаттай ма? – министр жауап берді

Қазақстанның ішкі нарығында дизель отынының профициті болуы мүмкін. Мұндай болдамды энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

Бензин қымбаттай ма? – министр жауап берді
Фото: kapital.kz

Министр елдегі бензин мен дизель отынының бағасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жанар жағармайға баға екі факторға сүйеніп белгіленеді. 

Ол сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, бұл жағдай теңдестірілген. Қазақстанда АИ-95 пен АИ-92 бензинінің өндірісі қажетті көлемде өндіріліп отыр. Өндірістің қажеттілігін қоса алғанда біз ішкі тұтыну көлемін толығымен жауып, сондай ақ ішкі нарықты қамтамасыз етеміз. Сондықтан бензин бағасының өсуіне ешқандай спекулятивті фактор жоқ. Сонымен қатар, Атырау МӨЗ бір ай бойы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір іске қосу операциялары басталды. 2 қарашаға қарай зауытты іске қосамыз. Ал мұнай өнімдерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде жағдай тұрақты болады, - деді ол журналистерге баспасөз мәслихаты барысында. 

Сонымен қатар министр елде дизель отыны жеткілікті екеніне сендірді. 

Ішкі нарықта дизель отынының профициті болады деп болжап отырмыз. Тағы бір фактор мемлекеттік реттеуге байланысты. Мұнай өнімдерінің реттелетін түрлері бар әрі олар қатаң бақыланады, баға шекті бағадан жоғары өспейді. Алайда реттелмеген баға да бар. Онда бағаны анықтайтын фактор ішкі өнімдер мен іргелес мемлекеттерден импортталатын арақатынас болмақ. Яғни егер импорт көлемі жоғары болса, мұнай өнімдерінің бағасы да тиісінше жоғары болады, - деді Сәтқалиев.