Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде сапасыз құрылыс неге көп?

Елімізде құрылыс салуға лицензия жеңіл беріледі. Қазақстан жобалаушылар одағының төрағасы Талант Омарбеков осылай деді, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Елімізде сапасыз құрылыс неге көп?
фото: Арман Мухатов

Оның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда елімізде құрылыс және жобалау жұмыстарында 80-90 мыңға жуық лицензия бар.

Олардың саны күннен күнге өсіп жатыр. Алайда нақты құрылыс саласында жұмыс істейтін компаниялар мұнша көп емес. Яғни бұл салада қаражаты мен жұмысшылары нақты қамтылған, сапалы компаниялар аз. Лицензияны сату - кәсіптің түріне айналып кетті. Сол себепті де елімізде сапасыз құрылыс нысандары тұрғызылуы мүмкін. Мұндай тәуекел бар деп айта аламыз. Бұған ұсыныс ретінде біз лицензия беруді қатаңдатуды ұсындық, - деді ол.

Омарбековтің айтуынша, сапасыз жобаларды азайту үшін салаға өзін-өзі реттеу принциптерін енгізу қажет.

Оның екі түрі бар: міндетті және ерікті. Егерде мұндай принциппен компаниялар құрылыс нарығына кірсе, оның тұтынушысы «өзін-өзі реттеу» ұйымына келіп, өзінің шағымы мен ұсыныстарын айта алады. Сол кезде күмәнді жобалар саны азаяды, - деді Қазақстан жобалаушылар одағының төрағасы.

Сондай-ақ Омарбеков нысандардағы сейсмикалық ережелерді одан әрі күшейту керегін айтады.

Бізде құрылыста сейсмиканы реттеу туралы ереже бар, бірақ ол ережелердің деңгейі төмен. Қазіргі ережеге сәйкес құрылыс жобалары сейсмикалық ережемен салынады. Дегенмен мұны тағы да жоғары деңгейге көтеру туралы ұсыныс беріп жатырмыз, - деді ол.