Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін бе – Шындалиев жауап берді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдының бостандыққа мерзімінен ерте шығуы мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz Азаттық Рухына сілтеме жасап. 

Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін бе – Шындалиев жауап берді
Фото: sputniknews.kz

«Теориялық тұрғыдан алып қарасақ, бізде заң жазаны өтеуді мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген мерзімін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру сынды шараларды қолдану мүмкіндігін қарастырады. Заңда белгілі талаптар бар. Бұл қандай да бір мерзім немесе келтірілген шығынның орнын толтыру болуы мүмкін. Одан кейін мінездемесі және сол сияқты дүниелер, бас бостандығынан айырылған жердегі тәртібі ескеріледі», - деді ол.

Шындалиев атағандай, бірақ сотталушының мерзімінен бұрын босатуға немесе жазасын жеңіл түрге ауыстыруға өтініш беруге құқығы бар.

«Ал сот өтінішті қанағаттандыруға немесе бас тартуға құқылы. Сотталушы жүгінгенімен сот оны босатуға міндетті деген жоқ. Тіпті егер мерзімі келсе де, ол түзелу жолына түспеу себептері бойынша өтініші қанағаттандырылмауы мүмкін», - деп түсіндірді Бас прокуратура өкілі Сенаттың жалпы отырысының кулуарында.