Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркістан облысында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цех анықталды

Түркістан облысының полицейлері мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цехты анықтады, деп хабарлады Paryz.kz. 

Түркістан облысында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цех анықталды
Фото: polisia.kz

Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлікке арналған мемлекеттік нөмірлік белгілерді заңсыз дайындаған цехты анықтады.

Мәселен, Самара – Шымкент тас жолында жедел уәкілдер жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізген жедел шаралар кезінде Нива автокөлігінің мемлекеттік нөмірі жалған болуы мүмкін екеніне күмәнданды. Полицейлер тез арада жедел әрекет етіп, көлік нөміріне қатысты жұмыстарды атқара бастайды. Осылайша, олар көліктің жүргізушісіне таққан нөмірінің басқа адамға тіркелгенін айтып, түсіндіреді.

Одан әрі қарай қырағылық танытқан сақшылар арнайы жоспар құрып, жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешенін өткізеді. Нәтижесінде Шымкент қаласында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаумен айналысқан цехты анықтап, оның иесін ұстады, – делінген полиция хабарламасында.

Тінту кезінде полицейлер 103 нөмірлік белгіні, 100-ден астам голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты.

Бұл факті ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Болған оқиғаның барлық жайы анықталып жатыр.