Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ер адамның денсаулығына қажет 5 басты азық-түлік анықталды

Гастроэнтеролог Евгений Белоусов денсаулығын жақсарту үшін ер адамдар тамақтану рационына қандай азық-түліктерді қосу керегін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Ер адамның денсаулығына қажет 5 басты азық-түлік анықталды
фото: Бауы

Lenta.ru порталы жазып өткендей, ең алдымен дәрігер қызанақтардың пайдасы жөнінде айтты. Сөзінше, олардың құрамында антиоксиданттық қасиеті бар пигмент - ликопин көптеп кездеседі. Ол теріні зақымданудан қорғап, жүрек ауруларына, простата обырына шалдығу қаупін төмендетеді. Бұдан бөлек бұл микроэлемент эректильдік функцияны жақсартады.

Мамамның айтуынша, ер адамның денсаулығына таптырмас азықтың бірі ол - сұлы. Ол жасұнықтың көзі екені бұрыннан белгілі. Ер адамдар сұлыны күніне кемі 40 грамға дейін тұтынғаны дұрыс. Белоусов сұлының ағзадағы тестостерон көрсеткішін жақсартатынын атап өтті.

Тағы бір пайдалы азық-түлік ол жұмыртқаның сарыуызы екен. Оның құрамында D витамині мол. Сондай-ақ сарыуыз - холиннің, лютеин антиоксиданттарының, селеннің, фосфордың және В тобындағы дәрумендердің көзі саналады.

Сонымен қатар дәрігер ер адамдарға майлы емес етті көбірек тұтынуға кеңес берді. Мәселен бұзау еті. Спортпен шұғылданатын адамдар өз рационына етті тағамды көбірек қосқан дұрыс. Ет - ақуызға бай. Етті тамақты көп тұтыну арқылы адам ағзасы амин қышқылдарымен қанығады. Ол өз кезегінде бұлшықетті қатайтуға септеседі екен.