Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Білім бөлімінен 4,6 млрд теңге жымқырылған: Талдықорғанда 23 адам жауапқа тартылды

Талдықорғанда қалалық білім бөлімінің есепшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардан келген шығын көлемі 4 млрд 6 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Білім бөлімінен 4,6 млрд теңге жымқырылған: Талдықорғанда 23 адам жауапқа тартылды
Фото: видеодан скриншот

Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс прокуратурасын үйлестіру кезінде Талдықорған қаласының білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты бюджет қаражатын жүйелі негізде аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.

«Күдікті тұлғалар 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде білім беру саласында шың мәнінде жұмыс істемейтін тұлғаларға жалақы төлеу және мектеп қызметкерлерінің жалақысын көтеру арқылы 4,6 млрд теңге сомасына жымқыру жасады.

Қылмыстық іс бойынша 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады, оның ішінде 9-ы соттың санкциясымен қамауда отыр», - делінген Антикор хабарламасында.

Бұдан басқа, тартылған адамдардың ішінен 21 адам – Талдықорған қаласы білім бөлімінің және 14 орта мектептің бухгалтерлері.

«Залалды өтеу мақсатында соттың санкциясымен 31 жылжымайтын мүлік объектісі, 14 автомашина, зергерлік бұйымдар мен ақшалай қаражат қамауға алынды, сондай-ақ күдікті тұлғалардың жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам өтеуі жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталуда», - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.