Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Антикор Марат Бекетаевтың қамауға алынғанын растады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Антикор Марат Бекетаевтың қамауға алынғанын растады
Фото: gov.kz

Бұған дейін антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстағаны туралы хабарлаған еді.

«Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екенін растаймыз. Қазір күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды», - делінген агенттік хабарламасында.