Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Балалар қауіпті ойынды қайта бастады": желіде Риддерде түсірілген видео тарап кетті

Риддер қаласында түсірілген видео халықтың алаңдаушылығын туғызды. Автор балалардың қауіпті ойын ойнап жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

"Балалар қауіпті ойынды қайта бастады": желіде Риддерде түсірілген видео тарап кетті
Фото: pixabay.com

Желіде тараған видеода бір бала жолдан өтіп жатыр. Ал досы арғы жағында күтіп алды.

Видео авторының айтуынша, бұған дейін тура сол бала өтіп бара жатқан көліктің дәл алдынан жүгіріп өткен.

"Қайырлы күн, Гемма дүкені, бүгін сағат 13:30-да біреудің балалары ойнап жүрді. "Жүгір немесе өл" деген ойын туралы барлығы естіген шығар. Капюшоны бар күртке киген осы бала қара көліктің дәл алдынан жүгіріп шыққан. Көлік жүргізуші тежегішті басып үлгерді. Ал баланың достары артынан бірге күліп тұрған. Ата-аналары өз балаларын танитын шығар. Ондайды жасамау үшін шара қолдану керек", - дейді видео авторы.

Ал пікір жазғандардың көбісі авторға сенбей отыр. Себебі видеода көлік көрінбейді. Ал бала алдымен жан-жағына қарайды, сосын барып, жолдан өтеді.