Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Әбілқасымова қазақстандықтарың несиесі неге кешірілмейтінін түсіндірді

Енді елімізде тұрғындардың несиесі кешірілмейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

Әбілқасымова қазақстандықтарың несиесі неге кешірілмейтінін түсіндірді
фото: Halyq uni

2019 жылы несие кешірілгеннен кейін Қазақстанның қаржы секторында оның көлемі қайтадан өсті. Оның ішінде проблемалық несиелер артты. Егер мемлекет қаражатын бөліп, қайта-қайта (тұрғындардың несиесін) кешіре берсек, одан да көп жаңа қарыздар көбейеді, - деді Мәдина Әбілқасымова Мәжілістегі парламенттік тыңдаудан соң.

Сондай-ақ төраға коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігін күшейту көзделетінін атап өтті.

«Енді олар заң бойынша проблемалық берешекті реттеудің міндетті рәсімін жасау керек. Егер қарыз алушы банкке жүгінсе, ол осындай рәсімді өткізуге тиіс. Биылдан бастап рәсімді жүйелі түрде қолдану үшін президенттің тапсырмасы бойынша барлық банк пен микроқаржы, коллекторлық ұйым жеке жобаларын әзірледі», - деді ол.

Оның айтуынша, проблемалық несиелерді қайтару үшін жеке жоспар дайындалған.

Оның ішіне 1 млн 449 мың адамды қамту жоспарланған. Бұл жоспарлар жаңартылады. Оның ішінде банктердің несиелерді қайта құрылымдауы, қарызды ішінара немесе толық есептен шығару шаралары бар. Мысалы, адамның төлеуге қабілеті жоқ болса немесе қарыздың сомасы қатты үлкен болмаса, бірнеше жылдық проблемалық несиесі болса, онда банктер өз есебінен (қарызды) ішінара немесе толық жауып тастайды, – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы.