Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Отырар ауданында зорланған жеткіншектер саны 15-ке жеткені рас па?

Түркістан облысының Отырар ауданында 15 жеткіншектің зорланғаны жайында таратылған ақпарат жалған. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Отырар ауданында зорланған жеткіншектер саны 15-ке жеткені рас па?
Фото: rgmedia.kz

Өңірдің бас полицейі шындыққа жанаспайтын ақпарат бойынша әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Түркістан облысы полиция департаментіне 2023 жылы 19 қазанға дейін 3 азамат арызданған. Ешқандай 15 дерек немесе 15 арыз, 15 жәбірленуші деген жоқ. Сонымен қатар басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шараларын жалғастырудамыз», - деп жазды Мұрат Қабденов Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ, Түркістан облысының полиция департаменті жалған ақпарат таратушыларды ҚР ҚК-нің 274-бабымен жауапкершілікке тарту қарастырылғаны туралы ескерту жасады.