Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Таразда қыз алып қашқаны үшін сотталған жігіт көпбалалы әке болып шықты

Таразда досына қыз алып қашуға көмектескені үшін 7 жылға сотталған жігіт отбасылы болып шықты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Таразда қыз алып қашқаны үшін сотталған жігіт көпбалалы әке болып шықты
Коллаж: Halyq Uni

Айыпталушының жақындары жазаны тым ауырлатып жіберді деп отыр. Тараздық бойжеткен кешірім берсе де жаза жеңілдемепті. Сондықтан қайта аппеляцияға арыз берген.

Маңғыстаулық азамат Тараздың қызымен өткен жылы көктемде танысқан. Кездесіп сөйлесе келе үйлену туралы ұсыныс білдірген. Алайда қыз қарсы болып, телефонын көтермей байланысты үзбек болған. Ақпан айында жігіт ақтөбелік досын ертіп келіп, қызды көлікке күштеп отырғызады. Алып қашу операциясын көршілері көріп қалып, полиция шақырған. Олар көп ұзамай қаланың шыға берісінде қолға түскен.

Қамауға алынған қос азаматтың жанындағы жолдасы көпбалалы әке екен. Ол адам ұрлауға емес, досы отау құрсын деген жақсы ниетпен барғанын айтады. Сондықтан 7 жыл деген жаза тым ауыр деп отыр.

Досы қызбен кездесіп жүрмін, бір дастарқанда отырмыз деген соң барған, жаман ниетпен бармаған. Жігіт қызды бұрын көрген, сөйлескен. Қызбен кездесіп, сөйлесіп жүрген. 5 бала әкесіз жетім қалып отыр. 7 жыл деген тым ауыр. Сондықтан жазасын жеңілдетіп берсе деп сұраймын, - дейді айыпталушының әйелі Жанар Жанназарова.

Қызды алып қашуға еріп барған азамат бір отбасының жалғыз асыраушысы. Ал заң қадағалаушы орган өкілдері бұл ең төменгі жаза дейді.

Аталған тұлғалар Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, әрқайсы 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл адам ұрлау дерегі бойынша ең төменгі жаза. Енді түпкілікті шешімді аппеляциялық саты қабылдайды, - дейді қалалық прокуратураның аға прокуроры Асылан Рақымбайұлы.

Қазіргі таңда қыздың өзі де сотқа өтініш түсіріпті. Кешірімін берген, тіпті некелесетінін де жеткізген.

Айта кетері, сот шешімі заңды күшіне енбеген.