Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматы соты "мас судьяның" видеосына қатысты тексеруді бастады

Бейнежазба Telegram каналдың бірінде жарияланған.

Алматы соты "мас судьяның" видеосына қатысты тексеруді бастады
фото: видеодан скриншот

Алматы қалалық соты әлеуметтік желіде жарияланған "мас ер адамдарға" қатысты қызметтік тексерісті бастады, деп хабарлады paryz.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын facebook-тегі парақшасында:

"Әлеуметтік желіде қоғамның қызу талқысына түскен бейнежазба жарияланды. Оны таратушылардың пікірінше, бейнежазбадағы тұлғалардың ішінде Алмалы аудандық сотының судьясы бар. Осы оқиға бойынша Алматы қалалық соты қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлаймын" деп жазды.

Тағы оқи отырыңыз: Перуашев партияның "мас депутатына" қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)

Бейнежазба Telegram каналдың бірінде жарияланған.

"Осында отырған адамдардың бірі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының судьясы", - делінген сипаттамада.