Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн доллар аударды

Қайрат Боранбаевқа тиесілі компаниялар Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын аударды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн доллар аударды
Фото: видеодан скриншот

Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті барын мәлімдеген. Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын. Бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталатын болады.