Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

ІММ әйелінен жәбір көретін еркектер жайлы айтты

Бұл туралы Үкімет отырысынан соң өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті, деп хабарлады Paryz.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

ІММ әйелінен жәбір көретін еркектер жайлы айтты
фото: Арман Мухатов

БАҚ өкілі «Қазақстанда агрессор әйеліне шағымданатын ер адамдар бар ма?» деп сұрақ қойды.

Игорь Лепеха қоғамда мұндай деректер барын екенін айтты. Лепеханың айтуынша, бұл мәселе қоғамда "нонсенс" саналады.

Әрине, біз бұған нонсенс сияқты қараймыз. Алайда әйелдеріне шағымданатын күйеулер де бар. Олардың саны көп емес, бірақ әртүрлі жағдай болады. Мысалы, балаларына шағымданатын ата-аналар бар, керісінше кәмелетке толған ересектер өз ата-анасына шағымданып жатады, - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ ол отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша әйелдердің үстінен түсетін шағымдар шамамен 10% деді.