12 қазан күні Астанада құрылыс алаңында төрт жұмысшы биіктен құлап кетті. Салдарынан біреуі оқиға орнында, тағы бірі ауруханада көз жұмды.
Ал бүгін жансақтау бөлімінде жатқан үшінші альпинист бақилық болды, деп хабарлайды Paryz.kz Астана қаласы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметін сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 1999 жылғы науқас ауыр халде көптеген ауыр ішкі жарақаттармен № 2 көпсалалы қалалық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылып, онда барлық қажетті жедел көмек көрсетілді.
«Осы уақыт аралығында науқас ауыр жағдайда болды. Аурухананың медициналық қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан барлық емдеу кешеніне қарамастан, өкінішке қарай, науқасты құтқару мүмкін болмады», - делінген хабарламада.
Аталған аурухананың жансақтау бөлімінде тағы бір зардап шеккен альпинист жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланады.