Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Арқалықтың түрмесінен 6 қылмыскер қашқан - ведомство мәлімдеме жасады

Қостанай облысының тұрғындары WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы хабарлама таратып жатыр, деп хабарлайды өңірдің Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті. 

Арқалықтың түрмесінен 6 қылмыскер қашқан - ведомство мәлімдеме жасады
Фото: aktobeinfo.kz

Олардың айтуынша, қаруланған 6 тұтқын Арқалықтағы мекемеден қашып кеткен.

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әлеуметтік желілерде тараған Арқалықтағы түзеу мекемесінен қашып кеткен сотталғандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Еске салайық, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.