Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Денесі бағанда ілініп қалған: Алматыда жұмысшы тоқ соғып қаза тапты

Алматыда электр бағанында жұмыс істеп жатқан жұмысшы тоқ соғып қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Денесі бағанда ілініп қалған: Алматыда жұмысшы тоқ соғып қаза тапты
Фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға «Атмосфера» тұрғын үй кешенінде болған. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, жұмысшының қажетті құрал-жабдықтары болмаған. Тоқ қуатының қатты болғаны сонша, жұмысшының денесі бағанда жабысып қалған.

Аталған оқиғаға қатысты Түрксіб аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастадық, тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайы анықталып жатыр», - делінген қалалық ПД хабарламасында.