Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстандықтардың 1,2 млрд теңгесін жымқырған пирамида жетекшісі Украинадан экстрадицияланды

Қаржы пирамидасының жетекшісі Украинадан экстрадицияланды, деп хабарлады Paryz.kz.  

Қазақстандықтардың 1,2 млрд теңгесін жымқырған пирамида жетекшісі Украинадан экстрадицияланды
Фото: видеодан скриншот

Бас прокуратураның мәліметінше, Украина Бас прокурорының кеңсесі ведомствоның LIDER қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен іздеуде жүрген азаматты ұстап беру туралы өтінішін қанағаттандырған. Күдікті азамат 2017-2019 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жалған жобаларға азаматтардың ақшалай салымдарын тартудың заңсыз схемасын ұйымдастырған.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан зардап шеккен 240-тан астам азаматқа 1,2 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыстарды жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуде болған, – делінген хабарламада.

Биыл тамызда күдіктіні Украинаның құқық қорғау органдары ұстады. Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін оған 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.